Ресей Украинадағы астыққа жол ашса да, АҚШ санкциясын алмайды

Dalanews 08 июн. 2022 02:33 1004

Мәскеу Қара теңіздегі украин порттарын блокададан босатып, Украинадан астық экспорттауға мүмкіндік берсе де, АҚШ Ресейге қарсы енгізген санкцияларынан бас тартпайды. Бұл туралы Politico америкалық шенеунікке сілтеме жасай отырып хабарлады.

Басылым дереккөзі Мәскеудің бұл мәлімдемесін «бопсалау дипломатиясы» деп атаған.

АҚШ президенті әкімшілігінің қызметкерлері мен америкалық заң шығарушылар Ресейдің азық-түлік дағдарысын еңсеруге көмектесеміз деген мәлімдемесіне сене бермейді.

Мәселен, Айдахо штаты атынан сайланған сенатор Джеймс Риш Мәскеудің астық экспорты үшін санкцияларды алу жөніндегі ұсынысын «бопса» деп атады Politico.

Вашингтон Қара теңіз арқылы астық экспортын қалпына келтіру жөніндегі келіссөздерді мұқият бақылап отыр. Келіссөздерді Ресей, БҰҰ және Түркия жүргізіп жатыр.

Басылым дереккөзінің айтуынша, Құрама Штттар Кремльге қарсы қандай да бір экономикалық қысымның әлсіреуіне келіспейді.

БҰҰ астықты әлем нарығына шығаруға Ресей күштерінің украин порттарын блокадада ұстауы кедергі келтіретінін мәлімдеген. Ресей мұны жоққа шығарып отыр.


Бұның алдында Ресей президенті Владимир Путин Италия премьер-министрі Марио Драгиге Батыс санкциясын алса, Мәскеу азық-түлік дағдарысын еңсеруге көмектеседі деп мәлімдеген.

Ресей мен Украин әлем нарығына астық шығаратын ең ірі бестікке кіреді. Ресей Украина аумағына басып кіргелі бері азық-түлік қатты қымбаттап кетті.

Рекомендовать
Последние новости