Ресей әскері соғыс басталғалы ең көп техникасынан қашан айырылғаны белгілі болды

Сағыныш Сардарова 05 нояб. 2024 16:14 1918

Ресей әскері қазанда соғыс басталғалы ең көп техникасынан айырылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz "Азаттыққа" сілтеп.

Басылым мәліметінше, бұл туралы әскери қақтығыстарды зерттейтін Oryx жобасынан байқауға болады. Мәселен, 2023 жылғы қазан айымен салыстырғанда биыл қазанда Ресей беренді көліктерінен, әскери ұшақтарынан, тікұшақтарынан және басқа да техникаларынан көп айырылған.

Oryx дерегінше, қазанда Ресейдің жойылған, бүлінген, майдан даласында қалған немесе Украина әскері тартып алған техникасының саны 695 болған. Олардың арасында 253 әскери көлік, 103 танкі, 41 БТР, төрт ұшақ, бір тікұшақ бар. Ал Украина әскері қазанда Ресеймен салыстырғанда екі есе аз техникасынан айырылған. Мысалы, Украинаның 276 техникасы жойылған.

Олардың қатарында 47 БТР, 28 әскери көлік, 21 танкі және бір ұшақ бар. Forbes журналы Ресейдің көп техникасынан айырылғанын Донбасстағы қарқынды шабуылмен байланыстырады.

Forbes Ресей соғыста техникасы мен әскер санының басымдығын пайдаланып, Ильинка мен Угледарды басып алды деді. Басылымның пайымдауынша, Ресей дәл осы екі қаланы шабуылдағанда көп техникасынан айырылған.


Рекомендовать
Последние новости