Рамзан Қадыровқа сөз бостандығы керек пе?

Dalanews 10 янв. 2017 04:01 789



"Кавказский узел" интернет басылымының бас редакторы Григорий Шведов Ресей Тергеу комитетіне Шешенстан парламентінің басшысы Магомед Даудовтың үстіне арыз түсірді. Бұл туралы РБК хабарлады.






4 қаңтарда Даудов инстаграм арқылы Шведовты қорқытқан. Журналист спикердің сөздерін кәсіби қызметіне кедергі келтіру деп қабылдаған. "Кавказский узел" басылымы аймақтағы, соның ішінде Шешенстандағы адам құқығының бұзылуы туралы хабарлайды.

Көпшілікке Лорд ретінде танымал Магомед Даудов - шешен басшысы Рамзан Қадыровтың жақын достарының бірі. Бірқатар ресейлік БАҚ оны республикадағы екінші ықпалды адам деп санайды.

Өткен жылы қазанда, "Кавказ.Реалии" басылымының хабарлауынша, Даудов Шешенстан Жоғарғы соты төрағасының қызметін атқаушы Тахир Мурдаловты соққыға жыққан. Мурдалов өз еркімен жұмыстан кетуден бас тартқан.



Рекомендовать
Последние новости