Рамзан Қадыров келесі жылы өтетін Шешенстан президенті сайлауына Владимир Путин ұсыныс білдіріп, халық қолдаса, қатысуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz
Сонымен қатар ол «биліктен де, халыққа қызмет етуден де әбден шаршағанын» айтып, жаңа күштер мен жаңа адамдар «әлдеқайда қызықтырақ болар еді» деген пікір білдірді. Қадыров Шешенстанды 2007 жылдан бері басқарып келеді.
РИА Новости агенттігі таратқан мәлімет бойынша,Қадыров «биліктен де, халыққа қызмет етуден де әбден тоя шаршадым» деді. Оның айтуынша, жаңа күштер мен жаңа адамдар «қызығырақ болуы мүмкін».
«Ал біз Ахмат-Қажының (Шешенстанның тұңғыш президенті Ахмат-Қажы Қадыровтың) жолындамыз, одан ауытқыған жоқпыз, өмірімнің соңына дейін осы жолда боламын», — деп қосты Шешенстан басшысы.
