Семейде “жалған дерек” ұсынған емхана мемлекетке 40 млн теңгеден астам қаржы қайтарады

Қаракөз Амантай 13 дек. 2025 15:07

Абай облысында мемлекет әскери қызметке шақырылушылардың медициналық тексеруіне 40 миллион теңгеден астам қаржыны негізсіз төлегені анықталды. Сот шешімімен Семей қаласындағы емхана бұл қаражатты мемлекеттік бюджетке қайтаруға міндеттелді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әскери прокуратура жүргізген тексеріс нәтижесінде 2023–2024 жылдарға арналған мемлекеттік келісімшарттар аясында мыңдаған шақырылушының медициналық тексеруден өткені үшін ақы төленгені, алайда нақты тексерілген азаматтар саны әлдеқайда аз болғаны белгілі болды. Келісімшарттардың жалпы сомасы 99 миллион теңгеден асқан.

Емхана өкілдері құжаттарда “техникалық қате” кеткенін алға тартқанымен, сот бұл уәжді қабылдамады. Олар артық алынған қаржыны негізсіз табыс деп таныды.


Рекомендовать
Последние новости