Құрылысқа лицензия беру кезіндегі заңбұзушылықтар әшкереленді: СҚО-да 50 адам жауапқа тартылды

Сағыныш Сардарова 30 янв. 2026 15:37

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары құрылысқа лицензия алу кезіндегі заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өңір прокурорлары құрылыс саласында лицензия беру кезіндегі бірқатар заңбұзушылықты әшкереледі. Облыстық прокуратураның мәліметінше, көптеген рұқсат құжаты өтініш берушілер міндетті талаптарға толық сәйкес келмесе де рәсімделген.

Тексеріс барысында бірнеше ұйым лицензия алу үшін бірдей өндірістік база мекенжайын және бірдей құжаттарды пайдаланғаны анықталған. Алайда рұқсат алғаннан кейін бұл компаниялар белгіленген талаптарға сай болмаған. Бұл бақылау тек қағаз жүзінде жүргізілгенін көрсетеді.

Сондай-ақ, кадрлық құрамды растауда да заңбұзушылықтар болған. Кейбір лицензиялар білімі мен жұмыс өтілі талаптарға сай келмейтін инженерлік-техникалық мамандардың сертификаттарына сүйеніп берілген.

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде 50 адам Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 464-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Қазір анықталған кемшіліктерді жою мақсатында шаралар қабылданып жатыр.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove