Құлсарыда әлі 300-ден аса үй су астында тұр

Сағыныш Сардарова 02 мая 2024 09:40 1972

Атырау облысының Құлсары қаласында 300-ден аса жеке тұрғын үй әлі де су астында тұр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, елді мекенде су тасқыны болған сәттен бастап ҚР ТЖМ құтқарушылар күшімен 2564 үйден су сорылған.

"Жұмыс тәулік бойы жалғасып жатыр. Қазірдің өзінде 3 миллион текше метрден аса су сорылды", - деп жазылған ведомство мәліметінде.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы өкілдері Құлсары қаласындағы өмір тасқыннан кейін біртіндеп қалпына келе бастағанын мәлімдеген болатын.

Ведомство мәліметінше, қалалық азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер, сондай-ақ, қоғамдық көліктер өз қызметін қайта бастаған. 

Сонымен қатар, құзырлы органдар су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мәселесін қарастырып жатқаны айтылды.

"Қазіргі уақытта жедел штаб су тасқыны кезінде су басқан аумақтарды құрғатумен айналысып жатыр. Заң бойынша, табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан азаматтарға келтірілген шығынды өтеу мақсатында арнайы комиссия құрылады", - деген еді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова.


Рекомендовать
Последние новости