Құлыбаевтар байи түсті

Көркем Алдабергенова 11 июн. 2024 09:59 2724

Динара және Тимур Құлыбаевтар байи түсті. Олар Altyn bank-тің ірі акционері атанды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттегіні мәлімдеді. 

Агенттік Басқармасымен 2024 жылғы 7 маусымда қабылданған қаулыларға сәйкес:

1) №23 "Тимур Аскарович Кулибаевқа "Altyn Bank" акционерлік қоғамының (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) ірі қатысушысы мәртебесін (жанама) иеленуге келісім беру туралы";

2) №24 "Динара Нурсултановна Кулибаеваға "Altyn Bank" акционерлік қоғамының (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) ірі қатысушысы мәртебесін (жанама) иеленуге келісім беру туралы";

3) №25 "АЛМЭКС" Холдингтік тобы" акционерлік қоғамына "Altyn Bank" (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) акционерлік қоғамының банк холдингі (жанама) мәртебесін иеленуіне келісім беру туралы".

Бұған дейін мемлекет қайраткері, экс-министр Жақсыбек Құлекеев жаңа Қазақстандағы кадрлар мен Құлыбаевтардың байлығына қатысты пікір білдірген болатын.

Құлекеев Тимур және Динара Құлыбаевалардың жыл сайын баюына қатысты ойын айтты. Оның сөзінше, екеуі де адал байып жатыр.

«Қазіргі таңда, иә, олар адал байып отыр. Себебі олардың ірі бизнесі көп. Олар жас кезінен кәсіппен айналыса бастады. Олардың жан-жағында талантты менеджерлер көп. Қазақстанда көптеген өнеркәсіп ашты. Сондықтан осы жұмыстардың бәрі нәтижесін беріп отыр. Егер оларға жақсы жағдай жасалса, олар бұдан да көп нәрсе жасар еді. Бұдан қорқудың қажеті жоқ. Оларға Қазақстанның экономикасына инвестиция жасауға мүмкіндік беру керек. Қазір барлық жерде «анау жаман, мынау жаман» деп айғайлай береміз. Сосын олар Қазақстан экономикасына инвестиция салу дұрыс па немесе ақшаны сыртқа шығарып, шетелде бизнес дамыту керек пе деп ойланып қалады. Егер олар салықтарын төлеп, барлық міндетін орындап, мемлекетпен есептесіп қойса, қалған ақшаны қалағанынша жұмсай алады. Ал біз олар Қазақстан экономикасына инвестиция салса деп ойлаймыз. Олар қалай байығаны мені қызықтырмайды. Мен жағдайға экономист ретінде қараймын. Егер қазақстандық кәсіпкерде ақша болса оған қызғанып қараудың қажеті жоқ. Керісінше олар Қазақстан экономикасына инвестиция жасауына жағдай жасау керек», - дейді Құлекеев.

Сұхбат барысында Жақсыбек Құлекеев Тимур Құлыбаевтың «Қазмұнайгаздағы» ықпалы туралы айтты.


Рекомендовать
Последние новости