Қуаныш Асылов Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің аппарат басшысы болып тағайындалды

Кәмшат Тілеухан 09 сент. 2025 09:44

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Қуаныш Жұмабекұлы Асылов Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің аппарат басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асылов Қуаныш Жұмабекұлы 1973 жылғы 14 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқық магистрі дәрежесімен аяқтаған.

Мемлекеттік басқару саласында үлкен еңбек тәжірибесі бар. Бірқатар ведомстволарды басқарған, министрліктерде, Есеп комитетінде, Президенттің Іс басқармасы мен Әкімшілігінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2019–2023 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы лауазымында жұмыс істеді.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Айта кетсек, 2025 жылы 2 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясының (CNNC) бас директоры Шэнь Яньфэнді қабылдады. Президент тәжірибесі мол әрі технологиясы озық CNNC компаниясымен бірлескен жобалар, соның ішінде еліміздегі екінші атом электр стансасының құрылысы табысты жүзеге асырылатынына сенім білдірді.


Рекомендовать
Последние новости