Қуандық Бишімбаев колонияда қандай жұмыс істейді?

Көркем Алдабергенова 18 июл. 2024 12:30 5132

Ішкі істер министрлігі экс-министр Қуандық Бишімбаев колонияда қандай жұмыс істей алатынын айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы, әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков айтты. 

"Біріншіден, Бишімбаев әлі тергеу изоляторында. Екіншіден, оның жұмыс істеуіне қатысты: өндірістік аймақтарда түрлі жұмыс бар. Ол "Еңбек" Республикалық мемлекеттік кәсіпорында мысалы ағаш, металл өңдеу саласына жұмысқа орналаса алады. Қай жерде бос орын болса сол жерге бара алады.  

Бұл мәселені жұмыспен қамту бөлімі шешеді, келгеннен кейін 15 күн карантинде болады. Біз оны зерттейміз, одан әрі тәрбие жұмысы жүргізіледі. Психологтар басқа тұтқындармен жұмыс істегендей Бишімбаев пен де жұмыс істейді", - дейді Жәнібеков. 

Еске салайық, 26 маусымда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық істің апелляциялық сот отырысы болған еді. Алайда олардың апелляциялық өтініші қанағаттандырылмады.

Қуандық Бишімбаев 24 жылға, інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын.  


Рекомендовать
Последние новости