ҚТЖ филиалында қайтыс болған адамдар жұмыс істеп келген

Қаракөз Амантай 21 окт. 2024 10:36 5266

ҚТЖ ревизорлық комиссиясы ішкі тексерулер барысында "ҚТЖ" ҰК" АҚ — "Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы" филиалында қызметкерлердің формальды еңбек қызметі фактілерін анықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру материалдары құқық қорғау органдарына берілді.

Осы фактіге қатысты Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Тергеу барысында 21 млн теңге шығын келгені дәлелденді.

"Филиал басшысының тапсырмасы бойынша формальды жұмыспен қамтылған адамдардың "жеке тұрғын үй құрылысына қатысқаны" анықталды. ҚТЖ жәбірленуші тарап деп танылды.

Қазір іс материалдары Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралып жатыр. ҚТЖ тергеуге толық көмек көрсетеді", - делінген хабарламада.


Рекомендовать
Последние новости