Қостанай облысында қызыл судан зардап шеккендерге өтемақы төлеу басталды

Жарбол Кентұлы 30 мар. 2024 15:08 16675

Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу басталды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгін жалпы соммасы 18 миллион теңгені құрайтын көмекке тұрғындар қол жеткізді. Өңірде су тасқыны салдарын жою жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.  

Қостанай облысындағы 3 ауданның аумағындағы су тасқынынан келтірілген залалды бағалау жөніндегі комиссия өз жұмысын бастағанын айта кетуіміз керек. Олар – Амангелді, Жангелді және Арқалық қаласы.

Облыс әкімі жедел көмек көрсету, барлық мүмкін ресурстарды тарту бойынша нақты тапсырмалар берген.

– Үйге жарты сағатқа су кірсе де, бұл отбасылар зардап шекті. Ешкім мемлекеттің көмегінсіз қалмауы тиіс,  – деп атап өтті облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

29 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі жарияланғаннан кейін Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге алғашқы төлемдер төлене басталды. Су тасқынынан зардап шеккен отбасының әрбір мүшесіне 100 мың теңгеден өтемақы ала алады. Шамамен бір отбасына орта есеппен 500-600 мың теңге бөлінеді.

Бұл төлемдер тұрғын үйді жалға алу, азық-түлік, киім-кешек сатып алу сынды негізгі қажеттіліктерге жұмсау көзделген.

Бірінші кезектегі төлемдерден басқа атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ жылжымалы, жылжымайтын мүлік пен малды қалпына келтіруге қаражат қарастырылған.


Рекомендовать
Последние новости