Қосшыда мектеп аумағында жолаушылар автобусы өртенді

Көркем Алдабергенова 18 дек. 2025 13:21

Қосшы қаласында мектептердің бірінің аумағында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін болған.

"Қосшы қаласында орналасқан мектеп аумағында жолаушылар автобусы өртенді. Өрттің аумағы 10 шаршы метрді құрады. Өрт жедел сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген ведомство хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласу қажеттігін еске салды.


Рекомендовать
Последние новости