Қосанов? Биліктің қолбаласы болмаймыз – ЖСДП мәлімдеме жасады

Dalanews 27 нояб. 2020 09:34 886



Жалпыұлттық социал-демократиялық партия сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бұған қоса партия мүшелері сайлау науқанын бақылаудан да бас тартты.

"Билік оппозицияны статист есебінде пайдалағанғысы келеді. Біз арқылы дауыс беретін аудиторияның ауқымын арттырмақ. Қосанов? ЖДСП биліктің қолбаласы болмайды! ЖСДП биліктің жобасы атанып, абыройдан айырылғысы келмейді. Сайлауға қатыспаймыз, бұл қазіргі саяси жағдайға берілген баға. Бүгінгі жүйегі қарсылық білдірген түріміз", – дейді партия төрағасы Асхат Рақымжанов.

Партияның сайлауға қатыспауы өз алдына, саяси науқанды бақылаудан үзілді-кесілді бас тартпақ.




"Бақылаушы болғаннан не қайыр, не үміт? Сайлау науқанын бақылаудың өзі қазіргі жүйенің легитимдігін мойындаудың белгісі. Бұл науқан билік әзірлеген ереже бойынша өтеді", – дейді Рақымжанов. 



Партияның басқа да белсенді мүшелері төрағаның сөзін қостап отыр. "Бұл билік өткеннен сабақ алмайды. Өзгергісі келмейді. Өзгерісті талап еткен көпшілікті көзге ілмейді", – дейді олар.

ЖСДП осы арқылы биліктің жоспары бұзып, саяси науқанның сценарийін іске алғысыз қыларына сенімді.

Партияның тағы бір мүшесі, танымал экономист Айдар Әлібаев қазіргі жүйемен үзеңгі қағыстыру мүмкін емесін айтып ашыныпты. Оның пікірінше бұл жүйе дауысты тартып алудан тайынбайды. Өлсе де орнын босатпайды. Оппозицияның тұқымын тұздай құртуды көздейді. ЖСДП-дан өзге саяси партиялардың барлығы қуыршақ.

"Адалдың" аты затына сай емес. Асығыс-үсігіс атауын өзгерткен коммунистер де билік жобасы. Осының бәрін халықтың көзін бақырайтып қойып жүзеге асырды. Ұят қайда, ұят?

Билік сайлаудың сценарийнің әлдеқашан әзірлеп қойған. Кімге қандай пайыз, қанша орын берілетіні күні бұрын белгіленген.


Дауыс ұрлау бүгінгі жүйе үшін қалыпты үрдіс. Сайлау нәтижесі биліктің ұшар басындағы ат төбеліндей топқа жұмбақ емес. Жұртты жынды қылып отыр.

Өз басым бойкот дегенге жан-тәніммен қарсымын. Алайда амал қайсы, бұл партияда жалғыз менің даусым ештеңе шешпейді. Көпшілік бар, көптің сөзі бар. Олардан асып кете алмаймын. Жағдайды қабылдаудан өзге жол жоқ. Қайталап айтайын, бойкотты құптамаймын, алайда съезде қабылданған ортақ шешімді қабылдаймын", – деді Әлібаев.

Партия мүшелері бұл жолғы науқанды ұмытып, келесі сайлауға қамдану керек деген ұйғарымға келді. Съезде партияның 32 мүшесі бойкотты қолдап дауыс берді, үш адам қарсы шықты, бесеуі қалыс қалды.


"Мұндай шешімге келу оңай болған жоқ. Бәріне уақыт төреші. Біздің шешімнің дұрыстығын тарих таразылайтын болады. Билік бізді аяқтан шалумен келеді. Көр де тұрыңыздар, келесі жылы ЖСДП еңсе тіктеп, саяси алаңға қайта оралады. Өзгеру керекпіз, өзгеріс керек", – деді Рақымжанов.


Рекомендовать
Последние новости