"Қорғастың" экс-басшысы сотталды

Көркем Алдабергенова 17 сент. 2024 10:47 2408

Қызылорда қалалық соты облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Дінмұхамед Әбсаттаровқа қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Dalanews.kz Антикорға сілтеп.

Ол бизнес өкілдеріне ұлының оқуына 1,4 млн теңге сомасында ақы төлеу және құны 6,8 млн теңге дизель отынын беру қажеттігі туралы заңсыз нұсқаулар беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Бұдан басқа, шенеунік өңір кәсіпорындарының сұйытылған газдың тиісті көлемін алу құқығын шектеу арқылы бизнес субъектілеріне 26,9 млн теңге сомасында залал келтіре отыра заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасағаны үшін сотталды.

Сот үкімімен Әбсаттаровқа мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 9 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, сондай – ақ мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалінен айыру туралы ұсыныс енгізілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Айта кетейік, Дінмұхамед Әбсаттаров 2020 жылдың ақпанынан 2021 жылдың сәуіріне дейін "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын" басқарған. 


Рекомендовать
Последние новости