Өзбекстандық Олимпиада чемпионы көлік пен сыйақылардан бас тартқан

Сағыныш Сардарова 16 сент. 2024 14:55 8669

Өзбекстан тарихында екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған үш спортшының бірі, аса ауыр салмақтағы боксшы Бахадүр Жалолов қазақстандық журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында халық пен кәсіпкерлердің берген сыйлығынан бас тартқанын айтқан,- деп хабарлайды Dalanews.kz Qaz365.kz-ке сілтеп.

«Өзбекстанға келіп, Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Баходир Жалоловтан сұхбат алу бұйырды. Сұхбат кезінде мен одан кәсіпкерлер мен халық қандай сыйлық бергенін сұрадым. Ол «мемлекеттен алғаным жетеді, қарапайым халықтан, кәсіпкерлерден алып байып кетпеймін, ол сыйлықты о дүниеге алып кетпеймін, Олимпиаданы екі рет жеңсем елімнің абыройы үшін жеңдім» деп жауап берді.

Ал біздегі жағдай ше? Анау пәтер берді, мынау көлік берді, ат мінгізді деп жазып жатыр. Айналайын алтындарым, сіздер ел намысын қорғауға бардыңыздар ма, әлде дүние жинауға бардыңыздар ма?» – дейді журналист Нұрсейіт Жылқышыбай.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында бағы жанған қазақстандық спортшылар елге келген соң біраз сый-құрметке бөленді. Оның басы жүз жылқыдан басталып, пәтер мен қымбат көліктермен жалғасты.

Ал өзбекстандық боксшы Баходир Жалолов Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында рекорд орнатты. Ол аса ауыр салмақта екі мәрте Олимп шыңын бағындырған алғашқы боксшы атанды.


Рекомендовать
Последние новости