Қожамжаров "Қорғас ісінен" қашып құтылғысы келе ме?

Қаракөз Амантай 29 июл. 2024 17:40 6572

Жақында Қазақстан қаржы полициясының экс-басшысы және Қазақстанның бұрынғы бас прокуроры Қайрат Қожамжаровтың шынайы оқиғаға негізделген "Қанішер кім?" атты детектив туындысы жарыққа шықты. Бірқатар телеграм арналар кітаптың жазылуын "Қорғас ісі" бойынша жаңадан басталған тергеумен байланыстырады. Айтуларынша, кезінде Қожамжаровтың қарамағында болған қызметкерлер оған қарсы айғақтар беруде. Осы тұста Dalanews.kz саяси болжамға шолу жасап көрді.

Үкімет дәлізінен қауесет таратушылардың пікірінше, еліміздің кітап дүкендерінде сатылымға шыққан детектив туынды Қожамжаровтың қазіргі Қазақстан билігіне бағытталған бір ескертуі болса керек. Нақтырақ айтсақ, бұл Қазақстанның саяси әрі бизнес-элитасы, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы шенеуніктерімен әлі де тығыз байланысы бар экс-шенеуніктің "Қорғас ісі" тергеуінде айыпталушы болғысы келмейтінін меңзейді.

"Кітап детектив жанрында шынайы оқиғаларға негізделіп жазылғандықтан, Қожамжаровтың бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларға қатысты жинаған компроматтық сипаттағы нақты деректерінің әлі де бар екенін тікелей көрсетеді. Себебі ол Қазақстанның қаржы полициясының басшысы, қала берді Қазақстанның бас прокуроры қызметін де атқарғанын еске саламыз", - дейді телеграм арналар.

Иә, Қожамжаровтың кітабы әр жылдары Қазақстан аумағында орын алған және әртүрлі ведомство тергеген түрлі қылмыстық істерді сипаттаудан тұратын жинақ. Демек, Қожамжаровтың  2017-2019 жылдар аралығында басқарған Қазақстан Бас прокуратурасындағы мұрағаты кітапқа негіз болған.

Мұндай кітапты арнайы авторлар ұжымы дайындап,  (бұл жағдайда кітапты Қожамжаровтың өзі жазған деген дерек жоққа шығады), "әдеби саңлақтар" оны жазумен айналысады. Яғни, редактордың жетекшілігімен бұрынғы немесе қазіргі журналистерге материалдар толыққанды қолжетімді болған. Бұл ретте, қылмыстық істердің материалдарын дайындау бірнеше айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін екенін еске саламыз.  

"Осы арқылы Қожамжаров құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы қызметкерлерімен ауқымды байланысы бар екенін,  бөгде адамдардың да  Қазақстан Бас прокуратурасының мұрағатына толық әрі шектеусіз қолжетімділігін қамтамасыз етуге қабілетті екенін, сондай-ақ Қазақстан Бас прокуратурасы мұрағатының бір бөлігі көшірілгенін және оның жеке иелігінде екенін көрсетіп берді", - дейді арналар.

Бұл ретте Қазақстан қаржы полициясының экс-басшысы мен Қазақстанның бұрынғы бас прокурорының кітабын дайындау кезінде арнайы авторлар ұжымы жұмылдырылғанын жанама түрде көрсеткендей. Мәселен, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, "Хабар" телеарнасының бұрынғы қызметкері, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қызы Дариға Назарбаеваның қарамағында жұмыс істеген – Владимир Рерихтің бұрынғы әйелі Дана Нұржігітова кітапты әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей таныстарған болатын.

Еске салсақ, Қожамжаров  Қазақстан қаржы полициясын басқарған. Қазақстанның бас прокуроры, Ақмола облысының әкімі қызметтерін де атқарды. Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен, сенат депутаты болды.Бас прокурор қызметін атқарған кезде көптеген резонансты істер негізсіз, ойдан шығарылған деп танылған. Кейін оның қарамағында істеген қызметкерлердің үстінен қылмыстық істер қозғалып, қамауға алынады.

Кезінде Қожамжаровтың артынан  "Қорғас ісінен" пайда көргендердің  бірі деген сөз ерген. Бірақ бұл дерек іс жүзінде дәлелденбеген. Экс депутат бұл сұраққа нақты жауап беруден жалтарып келген еді. Енді міне, жаңа туындысы жарыққа шықты. Мұнда ол барлық сұраққа астарлап жауап беруді көздеген сыңайлы. 


Рекомендовать
Последние новости