Қызылордада жылу үшін артық төленген 24 млн теңге тұрғындарға қайтарылады

Ақтоты Жапатова 12 сент. 2025 10:05

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтаушы мекемелердің қызмет құнын қайта есептеді,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тексеру барысында жеткіліксіз жылу беру фактілері анықталған.

— Осыған байланысты Қызылорда жылу электр орталығы, осы кәсіпорынның «Қазалы-Теміржол жылу» филиалы, «Теміржол су-Қызылорда» серіктестігі тұтынушылардың қаражатын қайтарды. Бұл ретте тұрғындардың шоты төленді. Сондықтан аталған ұйымдар төлем сомасын азайтуға міндетті, — делінген хабарламада.

Қосымша құн салығымен қосқанда 24 млн теңгеге жуық қаржы қайтарылады.

— Осы ретте айта кетуге тиіспіз, есептеу құралы жоқ тұтынушылардың төлемі қайта есептелді. Қаражатты қайтару 2025 жылғы қазан айындағы түбіртек төлемін азайту арқылы жүзеге асырылады, — деді департаментте.


Рекомендовать
Последние новости