Қытаймен келсім бұзылсын! «Қытайдың камералары көліктен бөлек, адамдарды да бақылайды»

Dalanews 26 мая 2021 02:28 940

Жоғарғы Кенеш депутаты Рыскелді Момбеков Қырғызстан үкіметін Қытайдың Shenzhen Sunwin Intelligent Co. Ltd компаниясымен «Қауіпсіз қала» жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру жөніндегі келісімді бұзуға шақырды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Парламент комитетінің 25 мамырдағы жиналысында депутат келісімді бұзуға тендер өткізу кезінде ереженің бұзылуы себеп болатынын айтты. Депутаттың мәлімдеуінше, қытай компаниясы өткізген алты банктің кепілхатының үшеуі жалған болып шыққан.

Қырғызстанның Есеп палатасы мердігер жобаны жүзеге асыру үшін аз қаражат сұрағанын алға тартты.

– Тендер 5 млрд 700 млн сомға жарияланды. Қытай компаниясы 2 млрд 700 млн сомға жасап беруді ұсынды, яғни 3 млрд 173 млн сом үнемделеді. Ойлантарлық мәселе. Оларға айыппұлтан түсетін төлем қажет емес. Бұл компанияның камералары автокөліктерді ғана емес, ондағы адамдарға дейін таниды, ‒ деп түсіндірді Рыскелди Момбеков.


2019 жылғы келісімге сәйкес, Shenzhen Sunwin Intelligent Co. Ltd компаниясы жобаны бір жылда аяқтауы тиіс болған. Бірақ пандемияға байланысты іс жүрмей қалды, сол себепті келісім 2020 жылдың аяғында 2021 жылдың 18 маусымына дейін созылған.

20 мамырда арнайы қызмет цифрлы даму министрі Азамат Дыйканбаевты Shenzhen Sunwin Intelligent Co. Ltd компаниясынан келісім мерзімін созу үшін 2 млн 600 мың сом сұрағаны үшін ұстады.

Бұрынғы шенеунік тағылған айыпты жоққа шығарып, істің саяси астары барын мәлімдеді.

Еске салайық, «Қауіпсіз қаланың» екінші кезеңі жеті облысты, Бішкек және Ош қалаларын, облыстық және аудандық маңызы бар 15 қаланы, 73 елді мекенді қамтиты. Жобаның бірінші кезеңін Ресейдің "Вега" концерні жүзеге асырған.

Рекомендовать
Последние новости