"Қытай мердігерлері қаптады": қазақстандық жол жөндеушілер жанайқайын айтты

Сағыныш Сардарова 23 мая 2025 15:28

Қазақстандық жол жөндейтін компаниялар жанайқайын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеп.

Қазақстан жолшылары қауымдастығының президенті Бағлан Баймағамбетовтің айтуынша, отандық мердігерлер ірі тендерлерден шеттетіліп, олардың орнын шетел компаниялары басып жатыр.

Баймағамбетов қазақстандық компаниялардың біліктілігі бола тұра осындай жағдай болып жатыр деп есептейді.

2023 жылы Қызылорда-Жезқазған тасжолын қайта жаңғырту жобасына жарияланған 8 лоттың бәрін Қытай компаниялары жеңіп алған. Ал 2022 жылы алты лоттың тек біреуі қазақстандық мердігерге бұйырған. Бағлан Баймағамбетов бұл үрдіс тұтас саланың жойылуына апарады деп алаңдайды: бүгінде жол құрылысы факультеттері жабылып жатыр, жас мамандар жетіспейді, ал тәжірибелі кадрлар біртіндеп бұл мамандықтан кете бастаған.

Қызылорда-Жезқазған жолын жөндеу жобасына Азия даму банкі арқылы қаржы бөлінген. Жалпы инвестиция көлемі 300 миллион доллардан асады.

Қытай компаниясы салып жатқан тағы бір жоба – Қалбатау-Майқапшағай тасжолы. Халықаралық жол 2022 жылы толық пайдалануға берілуі керек еді. Алайда құрылыс жұмыстары әлі күнге дейін бітпеген.

 


Рекомендовать
Последние новости