Қырғызстан СІМ Ресей елшісін шақыртты

Көркем Алдабергенова 14 апр. 2025 13:43 570

Қырғызстан СІМ Мәскеудегі жаппай ұсталғандар үшін Ресей елшісін шақыртты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәскеудегі монша кешенінде күш қолданылып, ондаған қырғыз азаматы ұсталған. 2025 жылғы 11 сәуірде Мәскеу қаласындағы «Бодрость» монша кешенінде Қырғызстан азаматтарын жаппай ұстауға байланысты, 14 сәуірде Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмаз Имангазиев Ресей Федерациясының Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сергей Вакуновпен кездесу өткізд.

Қырғыз тарапы ресми нота тапсырдыКездесу барысында қырғыз тарапы ресейлік тарапқа ресми нота тапсырып, төмендегідей талаптар қойды:

Ұсталған азаматтарға қатысты құқық қорғау органдары жүргізген операцияның себептерін түсіндіру;

Қажетсіз күш қолданылған болса, жауапты полиция қызметкерлеріне шара қолдану;

Қырғызстан азаматтарының құқықтарын қорғауға бағытталған тиісті әрекеттер жасау.

Сондай-ақ, мұндай оқиғалар Қырғызстан мен Ресей арасындағы одақтастық және стратегиялық әріптестік қатынастарға кері әсер етуі мүмкін екені айтылып, алдағы уақытта мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу жөнінде өтініш білдірілді.

Не болған еді?

Еске сала кетейік, 10 сәуір күні Мәскеудегі «Бодрость» моншасында Қырғызстан тумалары мен азаматтары жаппай ұсталған. Куәгерлердің айтуынша, бұл шара барысында күш қолданылған.Қырғыз билігі бұл оқиғаны азаматтардың құқығы бұзылған әрекет ретінде бағалап, тиісті түсініктеме талап етіп отыр.


Рекомендовать
Последние новости