Қырғыздар Жапонияға жұмыс істеуге барады

Dalanews 30 мая 2022 02:54 962

2022 жылдың соңына дейін қырғыз азаматтары бірінші рет Жапонияға екі ел билігінің келісімі аясында жұмыс істеуге аттанады.

Бұл жөнінде Қырғызстанның еңбек, әлеуметтік қорғау және миграция министрі Құдайберген Базарбаев хабарлады.

– Біз бүгін Ұлыбритания, Оңтүстік Корея елдеріне азаматтарымызды жібереміз. Әрі қарай бұл тізімді кеңейте береміз, – деді еңбек министрі Facebook парақшасында.

Қырғыз азаматтарының Жапонияда жұмыс істеуі жөнінде келісім елдің еңбек министрлігі мен Қырғыз мемлекеттік университеті жанындағы Жапонтану институты арасында және Жапонияның IBS «Кәсіби одағы» арасында жүргізілген.

Қырғызстан енді азаматтарын Финляндияға жұмыс істеуге жіберуге әрекет жасап жатыр. Мұның алдында Германиямен келісімге келген.


Бүгінде Қырғызстанда әлемнің 20 еліне жұмыс істеуге жіберетін 118 жеке агенттік бар.

Ресми мәлімет бойынша, шетелде 1 млн 118 мың қырғыз азаматы жұмыс істейді. Оның миллионы Ресейде жүр.

Рекомендовать
Последние новости