Чехия мен Польша Украин әскеріне қару-жарақ жібереді

Dalanews 30 мая 2022 02:38 984

Чехия мен Польша Ресейдің Донбасстағы соққысын тоқтатуға әрекет етіп жатқан Украинаға қосымша қару-жарақ береді.

– Прага Киевке 26 миллион доллардан 30 миллион долларға қару-жарақ жібереді. Украинаға көмек тұрақты жеткізіліп тұру өте маңызды, – деді Чехияның қорғаныс министрі Яна Чернохова 29 мамырда телеэфирдегі сөзінде.

Оның сөзінше, ақпан айының соңында соғыс басталғаннан бері Чехия Украинаға 150 миллион доллардан астам сомаға әскери көмек жіберген.

Чех басылымдарының мәліметіне қарағанда, Украинаға берілетін қару-жарақ арасында Т-72 танктары, БМП-1 соғыс көліктері және өзі жүргізетін гаубицалар болады. Бұдан бөлек советтік кезде өндірілген тікұшақтар да берілуі мүмкін екені айтылды.


Польша болса Украинаға 155 мм калибрлы Krab үлгісіндегі зеңбірек гаубицаларын береді. Бұл туралы жексенбі күні «Польша радиосы» қорғаныс министрлігіндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Украина армиясына АҚШ, Ұлыбритания бастаған бірқатар батыс елдері көмек көрсетіп келеді.

Рекомендовать
Последние новости