ҚазҰУ-дағы атышулы тізім: кім, қалай жазаланды?

Көркем Алдабергенова 06 мая 2024 16:24 5824

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "пәк қыздардың тізіміне" қатысты мәлімдеме жасады. Тізімді таратқандар тартылатын болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Министрлік Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінде дербес деректерді тарату бойынша болған жағдайға қатысты түсініктеме алу үшін оқу орнына сұрау салған.

"ЖОО ұсынған жауапқа сәйкес, университетпен шарт негізінде әрекет ететін медициналық ұйымның қызметкері 2024 жылғы 6 ақпанда WhatsApp арқылы флюорографиялық зерттеуден өту үшін студенттер тізімі бар Excel форматындағы құжаттарды жіберген, онда студенттердің аты-жөнінен бөлек, медицина қызметкерінің құпиясына жататын мәліметтер қамтылған", - дейді ведомство өкілдері.

Бүгінгі таңда министрлікке жеке деректері тізімде болған азаматтардан өтініштер түспеген.

"Алматы қаласының полиция департаменті Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады, оның шеңберінде министрлік қызметкерлері маман ретінде тартылды, оның қорытындысы бойынша Университеттің іс-әрекеттері бойынша сараптамалық қорытынды ұсынылды. Қылмыстық істің қорытындысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық фактілері болмаған жағдайда министрлік әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарайтын болады", - деді ЦДИАӨМ баспасөз қызметі.

Еске салайық, биыл ақпанда WhatsApp мессенджерінде 190 адамнан тұратын топқа студенттер тізімі бар 4 құжат жіберіліп кеткен болатын. Онда қызыл түспен белгіленгендер флюорографиядан өтуі керек болған. Тізімде қыздардың аты-жөндерінен басқа, ЖСН, ұялы нөмірлері және медициналық мәліметтері жазылған. Сондай-ақ олардың қайсысы «пәк», қайсысы «пәк емес» екені туралы ақпарат та тарап кеткен.


Рекомендовать
Последние новости