ҚазҰУ-да «Almaty Tech Cup X» робототехника және инновациялық технологиялар байқауы өтуде

Жарбол Кентұлы 13 авг. 2024 14:19 1177

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде робототехника және инновациялық технологиялар бойынша «Almaty Tech Cup X» Алматы қаласы Әкімінің Кубогына арналған X мерейтойлық чемпионат өтуде.

Білімді жастардың басын қосқан байқауды Алматы қаласының Әкімдігі, Алматы қалалық Білім басқармасы, USTEM Foundation қоғамдық қоры мен ҚазҰУ бірлесіп ұйымдастырды.

Бұл шара робототехника және инновациялық технологиялар бойынша тәжірибе алмасуға, жаңа инновациялық жобаларды құруға, жастарды ғылымға тартуға жол ашады.

Халықаралық сайыстың салтанатты ашылуында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасының орынбасары – Бірінші проректор Еркін Дүйсенов құттықтау сөз сөйлеп, «Бүгінгі халықаралық байқаудың ҚазҰУ қалашығында ұйымдастырылып отырғанына қуаныштымыз. Біз кезкелген ғылыми жетістіктерді көрсетуге, тың жобаларды бірлесіп талқылауға дайынбыз.

ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев оқу орнында IT-технологияларды жетілдіруді университет дамуының  басым бағыттарының бірінде белгіледі.

Жоғары оқу орындарының  оқытушы ғалымдары, студент жастары, ғылыми ұйымдармен ірі компания өкілдері мек мектеп ұстаздары, оқушылары бір алаңда бас қосып, тәжірибе бөлісіп, пікір алмасуда.

Бүгінде білім ордасында бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша осы бағытты терең меңгеруге негізделген білім беру бағдарламалары бар.

ҚазҰУ ғылым мен білім саласындағы көшбасшы университет ретінде еліміздегі робототехника және инновациялық технологиялардың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашып, осы бағытта әлеуетін арттыра түсетініне сенімдімін» – деді.

Өз кезегінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаментінің директоры Марғұлан  Ибраимов бүгінгі күні университет  робототехника, инновация, инженерия және ақпараттық технологиялар, киберқауіпсіздік, жасанды интеллект және үлкен деректерді өңдеу саласына білікті маман дайындауда ілгері қадамдар жасап отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Коммуникация және ғарыштық инженерия институтының директоры Қуаныш Әліпбаев, Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының директоры Гүлнұр Кәрімқажы құттықтау сөз сөйлеп,  ізденімпаз жастардың жетістіктерге жетуіне тілектестіктерін білдірді.

Екінші күні мұғалімдерге арналған STEM-конференция ұйымдастырылып, студенттер мен мектеп оқушылары өздерінің ғылыми жобаларының көрмесін ұсынуда.

Интеллекуалдық жоба төрт негізгі бағыт бойынша өткізілуде: робототехника, жасанды интеллект, дрондар және зымырандар.

Сонымен қатар мерейтойлық чемпионат аясында First Global Challenge Дүниежүзілік Олимпиадасының Ұлттық кезеңі өтуде. Оған Қазақстаннан іріктелген 40-қа жуық команда, сондай-ақ Өзбекстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілдері қатысуда.

Жеңімпаздар қыркүйек айында әлемнің 191 елінің үздік командалары қатысатын  Грекиядағы чемпионатқа жолдама алады.

 

 


Рекомендовать
Последние новости