ҚазҰПУ ғалымдары медициналық жабдықтарды зарарсыздандыратын кешенді құрылғы ойлап тапты

Dalanews 06 дек. 2016 09:43 854

Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ғалымдары медициналық өнімдер мен дәрілік препараттарды кешенді түрде зарарсыздандыратын құрылғы ойлап тапты, – деп хабарлайды «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.

Тың жобаға Абай атындағы ҚазҰПУ-дің профессоры К.Б. Тілебаев жетекшілік жасағаныны айта кетуіміз керек. Ғалым медициналық жабдықтарды зарарсыздандыру үшін электронды және гамма пушкаларды, СВЧ сәулелерін, озандау, вакум мен төменгі температураны пайдаланған.

Ғылыми жұмыстың басты «ноу-хауы» полимерден жасалған медициналық жабдықтарды арнайы пушкамен (электронды, гамма-квантты, магнитті өріс, озон мен азот оксидін пайдаланып) кешенді зарарсыздандыратынымен ерекшеленеді.

Рекомендовать
Последние новости