"ҚазМұнайГаздың" еншілес компанияларының лауазымды тұлғалары ұсталды

Көркем Алдабергенова 24 июл. 2024 11:07 3747

Маңғыстау облысының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп мұнай-газ саласының жекелеген кәсіпорындарының қызметінде тексеру жүргізіп жатыр. Тексеріс барысында бірнеше лауазымды тұлға ұсталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

«Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС лауазымды тұлғалары бюджет қаражаты есебінен 700 млн теңгеден астам сомаға мердігер компанияның шығыстарын негізсіз өтегені анықталды. Бұдан басқа, мердігерлерге нақты көрсетілмеген көлік қызметтері үшін 2,2 млрд теңге аударылған. Аталған бұзушылықтар бойынша 10 шілдеде Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі  бойынша (аса ірі мөлшерде жымқыру) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ, 22 шілдеде «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ еншілес ұйымының 11 млн теңгесін жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

23 шілдеде «Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС-нің бұрынғы басшысы «Т» ұсталды.

Қаражатты жымқыру фактісімен ҚК-нің 189-бабымен бұрын басталған сотқа дейінгі тергеп-тексерулер бойынша «Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС-нің өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, мердігерлік ұйымдардың өкілі ұсталды.

Прокурорлық тексеру басталғаннан бері барлығы 19 сотқа дейінгі тергеу басталды, олар Маңғыстау облысының экономикалық тергеу департаментінің өндірісінде.

Бюджет қаражатын жымқыру және талан-таражға салу фактілері бойынша оларды тергеу шеңберінде 8 адам, оның ішінде «Қазмұнайгаз «ҰК» АҚ еншілес компанияларының 4 басшы лауазымындағы тұлғалар ұсталды.

Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді.


Рекомендовать
Последние новости