Қазығұрттағы Наурызда бір мезетте мыңдаған адам көрісіп, төс қағысты

Dalanews 22 мар. 2018 14:26 1097

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында күллі түркінің ұлық мерекесі Ұлыстың ұлы күні ерекше өтті. Тіршілік, өмір бастау алған аңыз бойынша Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтаған Қазығұрт тауының баурайында тойланды. Наурызды асыға күткен жұрт жүздесіп, мәз-мейрам болысты. Күн мен түннің теңеліп, елдің қуанышқа кенелетін мерекеде 40 шақты киіз тігіліп, 700-ге жуық жәдігерлерден көрме ұйымдастырылды.



Облыс басшысы Ж.Түймебаев ұлық мерекемен елді құттықтады. Ұлыстың ұлы күні елге қуанышымен, ырыс-құтымен келуін тіледі. Өңірге қайырымдылық жасап, еңбек етіп жүрген бірқатар кәсіпкерлерді марапаттады. Сондай-ақ, Наурыз мересінде елді бірлікке, ынтымыққа шақырып, ренжіскен ағайын болса, құшақтасып көрісуге шақырды.



Осылайша Қазығұрттың баурайына жиналған мыңдаған жұрт көрісу амалып, жасап, төс қағысты. Өкпе-назын кешірісті. Жаңару мейрамында көңілдер де жаңарып, жасарды.



Сонымен қатар, бұл мерекеде таудың етегінде 500-дей жылқы тұяғымен жерді дүркіретіп, елдің делебесін қоздырды. Мерекеге келген қонақтар ұлттық дәстүр мен аңыз-әфсанадан сыр шертетін театрландырылған қойылымдардарды тамашалады. Күміс көмей әншілер әннен шашу шашып, жалпақ жұртта мерекелік көңіл-сый сыйлады.



ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости