Қазығұрт ауданында онкологиялық және туберкулез ауруы бойынша өлім-жітім мейлінше азайған

Dalanews 27 нояб. 2018 16:22 939

Соңғы уақыттары Қазығұрт ауданында денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштердің жақсаруы байқалады. Өйткені айданда әлеуметтік маңызы бар онкологиялық  және туберкулез ауруларының өлім-жітім көрсеткіші облыста ең төменгі  көрсеткішті құрап, жыл сайын тұрақты түрде төмендеп келеді.

Бүгінде аудан халқына 63 емдеу мекемесі қызмет көрсетеді. 2018 жылы 10 айда диспансерлік есепте тұратын науқастар 113, 9 млн. теңгеге тегін дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген.

Басты бағыт ана мен бала денсаулығын қорғау болып табылады. Осы мақсатта жүйелі тұрде ана мен нәрестелер өлімін болдырмау көрсеткішін барынша төмендетуге арналған іс-шаралар атқарылуда.

2018 жылғы 10 айда 2243 бала туылып, 1000 тірі туылған балаға есептегенде  көрсеткіші 21,0 пайызды құрады. Жүректің ишемиялық ауруы                      18,2 пайызға, артериальды гипертензия 6,3 пайызға азайған.

1 жасқа дейінгі нәрестелер өлімі 9,8%, онкологиялық ауруларының өлім көрсеткіші 40,2%-ды  құрады. 2018 жылы 10 айда ана өлімі тіркелмеген.

Ауданның денсаулық сақтау саласына жауапты тұлғалар ауданда әрбір көрсеткішті төмендету бойынша профилактикалық алдын алу шаралары үздіксіз жалғасын табатынын алға тартуда.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости