Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарында өндрістік жарақат алу екі есеге кеміді

Dalanews 18 мар. 2017 05:23 898

2017 жылғы 16 наурыз күні Қызылорда қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарындағы еңбекті, қоршаған ортаны қорғау, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы 2016 жылғы жұмыс қорытындысына арналған жыл сайынғы семинар-кеңес басталды.

Іс-шараға Қазатомөнеркәсіптің еншілес және тәуелді ұйымдарының (ЕТҰ), мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы билік органдарының, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысып отыр.

Атом саласындағы өндірістік қауіпсіздік деңгейіне жасалған талдау соңғы жылдардағы оң өзгерістерді көрсетіп отыр. Компания өзі қатысатын өңірлердегі экологиялық ахуалды жақсарту жұмыстарын  күшейтіп, өндірістегі қауіпсіз еңбек үшін қажетті жағдай жасаған.

«Компанияның еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясаты ядролық, радиациялық, экологиялық қауіпсіздіктің танылған халықаралық деңгейіне жетуге, жаңа экологиялық қауіпсіз технологияларды дамытуға бағытталған. 2016 жылы Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарында өндірістік қызметіне байланысты қазаға ұшырағандар тіркелген жоқ», - деп атап көрсетті өз сөзінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Өндіріс және ядролық отын циклы жөніндегі бас директоры Бауыржан Ыбыраев.

2016 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына 7,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлді, бұл 2015 жылғыдан 900 млн теңгеге көп. Соңғы бес жылда Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарындағы өнідірістік жарақат алу екі есеге кеміді. Барлық өндіріс орындарында жұмыс істеп тұрған дәрігерлік пункттерде кәсіпорын қызметкерлері ауысым алдында күнделікті көріктен өтеді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің басшысы Тельман Шуриев айтып өткендей, жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім шарттары аясында уран өндіруші кәсіпорындар өңірлердің әлеуметтік-экономикалық өркендуіне және инфрақұрылымын дамытуға жыл сайын бюджетке 1 млрд теңгеден астам қаржы аударады.

Қоршаған ортаға ықпалды азайту және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде едәуір нәтижелерге қол жеткізілді: 2016 жылы ластаушы заттардың жиынтық қалдығы 2015 жылмен салыстырғанда 11%-ға қысқарды.

Табиғи уран өндіретін және оны өңдейтін нысандарды өндірістік экологиялық бақылау зиянды ластаушы заттардың қалдығын 208,7 тоннаға кемітуге мүмкіндік берді. Мемлекеттік органдар тарапынан салынатын айыппұлдық және экономикалық санкциялар 2015 жылмен салыстырғанда 18,6%-ға төмендеді.

Қазатомөнеркәсіптің 26 ұйымында халықаралық OHSAS 18001:2007 және ISO 14001:2004 экологиялық менеджмент стандарттарына сәйкес келетін денсаулық және өндірістегі қауіпсіздік жүйесі енгізілді. Кәсіпорындарда радиациялық апаттар, гигиеналық нормативтерде белгіленген жылдық сәулелену дозасының шектен шығу фактілері тіркелген емес.

Семинар барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның ЕТҰ арасында ұйымдастырылатын жыл сайынғы конкурста өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар марапатталды.

 

"ҚмД" ақпарат

 

Рекомендовать
Последние новости