Қазақтың әділдікті аңсағанына жүз жылдан асты

Dalanews 05 мая 2022 04:20 717

Дәл қазір қазақ елі әділеттілікке сусап отыр. Қазақ жерінде Кеңестік жүйе құрылған күннен бастап қазақтың есесі кетіп, көзінің жасы құрғамады. Біздің әділдікті аңсағанына жүз жылдан асты. Кеңес заманында қазақ халқы талай рет әділетсіздікке ұшырағанын тарихтан білеміз. Өтірік айту, жергілікті ұлтты төменшіктету қалыпты дүниеге айналды.

 

Аштық жылдарындағы қасірет


Алаш зиялылары репрессияға ұшырап, халықтың бас көтеруіне мүмкіндік бермеді. Одан кейінгі аштық, мыңғырған малымыз бен қап-қап астығымыздың Мәскеуге жіберіп, Сталиннің нұсқауымен қазақ даласында аштық қолдан ұйымдастырды.

Мұны жай ғана әділетсіздік деп айта салуға келмес. Бұл – нағыз геноцидтің. «Малынан айырылған көшпенді қазақтар аштық кезінде өзен-көлден балық аулап жан сақтай алмайтын халық екен» деген әңгімені беріге дейін естіп келдік.

Сол кезде «шынымен де маңдайға жазған нәубетке мойын ұсынып, қойша қырыла бердік пе?» деген күмән-күдік көкейімізде тұнған еді.

Кейіннен аштық жайындағы зерттеулерді танысқанымызда Кеңестік жүйе аштық жылдары Қазақстанда аң аулауға және өзен-көлдерден балық ұстауға қатаң түрде тыйым салғанын оқығанда көзімізге жас келді.

Аштық кезінде қызыл империя қазаққа Құдайдың ен-тегін балығын аулауға да мүмкіндік бермеді. Олардың бар мақсаты – қазақтарды аштыққа ұрындырып, қынадай қыру ғана болғаны анық. Бұдан кейін қазақ өзге елдерге бас сауғалап қашуға мәжбүр болды. Қаша алмағандары қойша қырылды.


Бұл – қазаққа жасалған геноцид, әділетсіздіктің биік шыңы. Бұдан асқан қандай қатігездік болуы мүмкін?

Керек десеңіз, әлі күнге дейін сол кездегі қызылдардың қырғынын геноцид деп кеуде керіп, айта алмай шерменде күйде жүрген жоқпыз ба? Дәл осындай аштықтың қасіретін Украина халқы да тартты, бірақ олар қазір «голодоморды» украин халқына жасалған қарсы геноцид деп айтып, тарихи бағасын беріп, арнайы заң қабылдады. Тарихи әділеттілікті орнатуға күш салды. Қазір сол үшін Ресеймен соғысып жатыр.

 

Ерлікті елемеу


Одан кейінгі Ұлы Отан соғысы... Бұл кезеңде де талай әділетсіздікке куә болдық. Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігін Кеңестік жүйе көпе-көрнеу елемегенін қазаққа жасалған қасастық деп қалай айтпайсың?

Сол сияқты хас батыр Бауыржан Момышұлына қасақана батыр атағын бермеу қазақ халқының сағын сындыруға бағытталған әрекет болғаны анық.


Одан кейінгі Желтоқсан көтерілісінде ұлттық мүддені ту етіп көтеріп шыққан қазақ жастарын «маскүнем», «норкомандар» деп айыптауы да қазақ халқына жасалған көп әділетсіздіктің бірі болғаны анық.

Осылайша 70 жыл Кеңестік жүйенің құрсауында болғанымызда әділетсіздік қазақпен қосақталып өмірге келген дүние ма деп ойлап қалатын күйге түстік. Әділетсіздікпен өмір сүру қалыпты дүниеге айналды десек артық айтқандық болмас.

Рекомендовать
Последние новости