«Қазақтелекомның» басқарма құрамына жаңадан үш мүше қосылды

Dalanews 27 июл. 2024 14:48 5022

«Қазақтелеком» директорлар кеңесінде басқарма құрама кеңейді. Бұған дейін үш адамнан тұрған болса, енді қатарға жаңа адамдар қосылды. Бұл жайлы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланды.

Енді жаңа мүшелерге келсек: атқарушы органға басқарма басшысының бірінші орынбасары болып Арнұр Нұрқатов тағайындалды. Игорь Погребицкий — бөлшек сауда дивизионына бас директор, қаржы директоры міндетін орындаушы — Ләззат Басқанбаева, бас әкімшілік директор Ержан Мейрамов болды. Қазіргі уақытта жаңа тағайындалғандардан бөлек, басқарма құрамында төраға — Бағдат Мусин мен Әлібек Индыбаев, Нұрлан Мейірманов бар.

Нұрқатов — басқарма басшысының бірінші орынбасары қызметінен бөлек, 2008 жылы құрылған Aspandau ғылыми-білім беру қорының президенті. Погребицкий болса, «Қазақстанда» 2017 жылдан бері істейді. Бұған дейін «Кселлде» түрлі қызметте болған. Басқанбаева — Алматыдағы Халықаралық бизнес академиясының түлегі. Мейрамов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникация комитетінің төрағасы болған.  Биыл шілденің ортасында «Қазақтелеком» басқарма құрама екі есе қысқарған еді. Ол кезде құрамнан Людмила Атамұратова, Берік Битабаров пен Наталья Лян кеткен болатын.       

 

 

 

 


Рекомендовать
Последние новости