Қазақтелеком Tele2 мен Altel-ді сатып не ұтпақшы?

Сағыныш Сардарова 31 янв. 2024 17:26 2253


"Қазақтелеком" Altel мен Tele2 ұялы байланыс операторларын сататыны белгілі болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.


Ұлттық экономика министрлігі Үкіметтің "Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" қаулысына түзетулер жобасын жариялады. Бұл маңызды құжатта "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС жеке инвесторға берілетіні айтылады. 



Ал "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС деп отырғанымыз - Tele2 және ALTEL ұялы операторларын біріктіретін компания. "Мобайл Телеком-Сервис "Қазақтелеком" компаниясына тиесілі. Биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша "Қазақтелеком" акцияларының 80 пайыздан астамын "Самұрық-Қазына" мемлекеттік ұлттық әл-ауқат қоры иеленеді.



Ал тиісті құжат 14 ақпанға дейін қоғамдық талқылауда болады.


Бұл шешім туралы 2022 жылы хабарланды. Ал былтыр жазда министр Бағдат Мусин "Кселл" АҚ 2023 жылдың соңына дейін "Қазақтелеком" иелігінен шығатынын айтты. Бұл кезде сатып алуға қызыққан екі сатып алушы бары хабарланды. Алайда бұл қандай компаниялар екені әлі белгісіз.


Былтыр жыл соңында Мусин 2024 жылдың ішінде "Қазақтелеком" бұл тапсырманы орындауға тиіс екенін тағы айтты.


Айта кетейік, әзірге Beeline-нан бөлек ұялы телефон операторлары Қазақтелекомға тиесілі.



Рекомендовать
Последние новости