Қазақстанның халық әртісі Хабиба Елебекова 100 жасында өмірден озды

Dalanews 18 окт. 2016 11:50 1035


Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Хабиба Қарақбайқызы Елебекова 100 жасында дүние салды.





Хабиба Қарақбайқызы Елебекова – 1916 жылы 16 шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Томар ауылында дүниеге келген.

1934 – 35 жылдары Қарқаралыдағы жергілікті халық театрында қызмет істеген.


1935 жылдан Қазақ драма театрында актриса.

1935 – 37 жылдары осы театр жанындағы студияны бітірген. Елебекованың театр сахнасында сомдаған алғашқы рөлі – Ж.Шаниннің «Арқалық батыр» спектаклінде Қарагөз рөлі. Актрисаның ойнаған рөлдерінің жалпы саны 100-ден асады. Олардың ең көрнектілері — М.Әуезовтің «Абайындағы» Қанікей, Ұлжан, «Қарақыпшақ Қобыландыдағы» Күнікей, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян Сұлуындағы» Мақпал, Б.Майлин мен Ғ.Мүсіреповтің «Амангелдісіндегі» Қырмызы, Б.Майлиннің «Майданындағы» Мамық, Қ.Аманжоловтың «Досымның үйленуіндегі» Айғаным, Иран-Ғайыптың «Естайдың Қорланындағы» Айнаш және т.б.


Сондай-ақ, Елебекова – белгілі әнші, өз жұбайы Ж.Елебеков туралы «Үні кетпес құлақтан» (1981), «Ән-Аманат» (1989), «Қайран Жүсекем» (1998) кітаптарының авторы.


https://www.youtube.com/watch?v=z9hVos0IFt8

 

 

Рекомендовать
Последние новости