Қазақстанның Украинадағы елшілігі Одесса, Харьковтағы қазақстандықтарға үндеу жасады

Сағыныш Сардарова 29 мар. 2024 09:50 3142

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Одесса және Харьков облыстарындағы Қазақстан азаматтарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Елшілік мәліметінше, Украинаның Одесса және Харьков облыстарындағы жағдай шиеленіскен. Сонымен қатар, қауіп артуына байланысты Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі Қазақстан азаматтарына осы аймақтардан кету мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады.

"Украинадан Қазақстанға шығу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары Польша немесе Молдова арқылы өтетін жерүсті бағыттарын, одан кейін коммерциялық рейстерді пайдалана алатынын ескертеміз. Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы керек, Молдова арқылы қайту үшін виза талап етілмейді",- деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, елшілік азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуді елемеуге және дереу бомбадан қорғанатын орынға өтуге шақырады.

Елшіліктің байланыс телефондары: +38(044) 4831596, +38(044) 4891031. Қазақстан азаматтарына арналған сенім телефоны (төтенше жағдай кезінде): +380673470408.


Рекомендовать
Последние новости