Қазақстанның жеті футбол клубы сатылымға шығарылмақ

Қаракөз Амантай 28 мар. 2025 17:45 1552

Қазақстанның жеті футбол клубы сатылымға шығарылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сатылымға “Астана”, “Атырау”, “Ордабасы”, “Тұран”, КГП “Шахтер”, “Каспий” және АҚ “Шахтер” клубтары қойылмақ.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев футбол клубтары өздерін өзі қаржыландырып, мемлекеттік бюджетке тәуелді болмауы керегін айтқан болатын.

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда футбол клубтары өздерін өзі қаржыландырып, мемлекеттік бюджетке тәуелді болмауы керегін айтқан болатын.

“Салаға жауапты министрлік, Футбол федерациясы, жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпкерлер клубтық футболды коммерцияландыруға нақты кірісуі керек. Шетелдік тәжірибені ескеріп, клубтар өз табысын табуы тиіс”, – деді Тоқаев.

Сонымен қатар мемлекет басшысы клубтарды жекешелендірудің артықшылықтарына тоқталып, шетелдік спортшыларды тарту мәселесін қозғады.

“Кәсіпкерлер клубтық футболға бизнес ретінде қарауы керек. Футбол клубтары жекеменшікке өтпейінше, бұл салада айтарлықтай өзгеріс болмайды. Бұл – әлемдік тәжірибе. Егер клубтар жекешеленсе, олар шетелдік ойыншыларды шақыру құқығына ие болады”, – деді ол.

Президент спорттың, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында дамуының маңыздылығын атап өтіп, бұл бағыттағы жұмысты күшейту қажеттігін айтты.

“Мемлекет қолдауының нәтижесінде балалар спорты қарқынды дами бастады. Бірақ бұл жеткіліксіз. Бизнес өкілдері өскелең ұрпақты спортқа баулу ісіне белсенді атсалысуы қажет”, – деді Тоқаев.


Рекомендовать
Последние новости