Қазақстанға үш АЭС салынуы мүмкін: Сарапшы мәлімдеме жасады

Қаракөз Амантай 02 февр. 2024 18:16 3428


Қазақстанға кем дегенде үш атом электр станциясы қажет. Бұл туралы “Прозрачный тариф” қауымдастығының төрағасы Петр Своик мәлімдеді. Оның пікірінше, елімізге бір атом электр стансасы аздық етеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Өз сөзінде ол ең алдымен Балқаш атом электр станциясын салу қажет екенін алға тартты. Себебі бұл орын солтүстік пен оңтүстікті байланыстаратын негізгі көпір дейді.



“Қазақстанда жалпыұлттық референдум әлі өтпеді. Алайда оның салынатын орны белгіленіп қойды. Нақтырақ айтсақ, Алматы облысындағы Үлкен ауылында орын тебеді. Бұл Балқаш жағалауында орналасқан. Мұнда станция салсақ, оңтүстікті электр энергиясымен толық қамтамасыз ету мәселесі шешіледі” - деді Своик.



Сонымен қатар сарапшы алғашқы екі энергоблок іске қосылғаннан кейін тағы екі-үш энергоблоктың құрылысына кірісіп кету керек екенін де жеткізді. Айтуынша, Курчатов қаласы мен Ақтауға да салыну қажет. Себебі Қазақстанның батыс өңірінде электр тапшылығы бар.



“Қазір шағын модульді реакторлар өте жылдам дамып жатыр. 3-4 жылдан соң оларды Қазақстанның кез келген жеріне орналастыруға болады. Себебі жеріміз кең. Аталмыш реакторларды Талдықорған, Қызылорда және Жезқазғанға қоюға болады. Ол шағын әрі сенімді энергия көзі бола алады”, - деді төраға.



Еске салайық, бұған дейін 2035 жылға қарай елімізде АЭС қосылуы мүмкін деген ақпарат тараған еді. Осы тұста президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде АЭС салу-салмау мәселесін жалпыұлттық референдум арқылы шешуді ұсынған болатын.



Рекомендовать
Последние новости