Қазақстандықтарға шекара маңынан жерді жалға алуына тыйым салмау қажет – Қ.Айтаханов

Dalanews 09 июл. 2016 10:20 1006

Жер реформасы бойынша қоғамдық комисияның бүгінгі отырысында қазақстандықтарға жерді жалға беру мәселесі талқылануда. Соның ішінде жалға берілетін жерлердің шекті көлемі, ол жерлердің шекарадан алшақ болуы және тағы басқа мәселелер бар. Алайда сенатор Қуаныш Айтаханов қазақстандықтарға жерді шекарадан алшақ беру мәселесін күн тәртібінен мүлдем алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Неге біз өз азаматтарымызға жерді жалға беруді талқылағанда шекарадан алшақ болу мәселесін қойып отырмыз? Меніңше, бұл мәселені мүлдем алып тастау қажет. Мәселен, біздің шекарамызда мыңдаған километрде ешкім жоқ. Шекарада ешкім жоқ. Сол шекараны барып, қайта игеру керек. Сол шекарада біз елді мекендерді құруымыз қажет. Сол жерді игеруіміз керек. Сол себепті күн тәртібіне енген бұл мәселе дұрыс болмаған сияқты. Бұл шетелдіктер емес, өз азаматтарымыз ғой. Керісінше, оларға шекара маңынан ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру керек», - деп атап көрсетті сенатор.

Айта кетейік, отырыс барысында комиссия штабы қазақстандықтарға жерді жалға беру мәселесі бойынша нақты ұсыныстарды талқыға салды. Соның аясында Жер кодексінің бір бабына өзгерістер енгізу көзделген. Осыған қатйсты саясаттанушы Дос Көшім де өзі басқаратын топтың ұсыныстарын жариялады. Оның ойынша, барлық ауылдық округтардан бір-бір адам комиссияның мүшесі болуы қажет. Ал комиссияның жұмысын прокурор бақылау отыруы шарт.

 

Арман АСҚАРОВ

Рекомендовать
Последние новости