Қазақстандықтардың жеке дерегін сатқан ақтаулық хакерге сот үкімі шықты

Қаракөз Амантай 21 февр. 2024 10:52 2455

Ақтауда жеке деректерді заңсыз алған хакер сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталған азамат мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізуді іске асырған. Оның ақшалай сыйақыға одан әрі үшінші адамдарға беру үшін ҚР азаматтарының жеке деректерін заңсыз алу фактісі толық дәлелденді.

"Қылмыстық кодекстің 147-бабы 3, 4-бөліктері, 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасауда кінәлі деп танылған Қазақстан азаматына қатысты Ақтау қаласы сотының үкімі заңды күшіне енді", – делінген ҰҚК хабарламасында.

Ол 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

 


Рекомендовать
Последние новости