Қазақстандықтар жалақысының қанша пайызын азық-түлікке жұмсайды? — Жұманғарин түсініктеме берді

Қаракөз Амантай 06 дек. 2024 15:33 1793

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин халық азық-түлікке қаражатының қанша пайызын жұмсайтыны туралы айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Вице-премьердің сөзінше, халық арасында азық-түлік шығындарына қатысты түсініспеушіліктер бар.

“Көпшілігі табысының жартысы азық-түлікке кетеді деп ойлайды. Бірақ бұл дұрыс емес. Нақтырақ айтсақ, тұтыну шығындарының 50%-ы азық-түлікке бағытталған. Яғни, тұтыну шығындары табыстың 50%-ына тең дегенді білдіреді”, – деді Жұманғарин.

Оның сөзіне сүйенсек, азаматтардың табысы тек тұтыну шығындарымен шектелмейді. Олар несиені өтеу, балаларға қажетті заттарды сатып алу, оқу ақысын төлеу және қарыздарды жабу сияқты міндеттерге де қаражат бөледі.

“Осы көрсеткіштерді есепке алғанда, қазақстандықтардың табысының шамамен 22,2%-ы азық-түлікке жұмсалып отыр деп айтуға болады,” – деп атап өтті вице-премьер.

Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс депутаты Ринат Зайытов та елдегі қымбатшылық мәселесіне қатысты сұраққа жауап берген еді. 

Оның сөзінше, елдегі жағдай қиындап барады.

“Бәрі қымбаттап жатыр. Доллардың өсуіне байланысты азық-түліктен бастап, басқа да заттардың бағасы аспандап кетті. Қазір наннан басқасының бәрі шарықтап тұр”, – деп қынжылды депутат.

Еске салайық, бұған дейін Ресей Федерациясының экспорттаушылар мен импорттаушылар қауымдастығы (РФ ЭИҚ) 2025 жылы жалпы инфляцияға, көлік шығындарының өсуіне және Орталық банктің басты сыйақы мөлшерлемесінің жоғары болуына байланысты азық-түлік бағаларының 15%-ға қымбаттауы мүмкін екенін ескерткен еді. 

РФ ЭИҚ вице-президенті Артур Леердің айтуынша, 2025 жылы сүттің орташа құны қазіргі мәннен 10-15% -ға, сиыр етінің бағасы12%-ға, шошқа етінің бағасы 10%-ға,жемістермен көкөністер 15-20%-ға қымбаттауымүмкін.Жалпы өсім шамамен 15% құрайды.

Бағалар өсімі Ресейдегі жоғары инфляциямен, ТКШ қызметтерінің, көліктарифтерімен,жоғары базалықмөлшерлемемен, қымбатнесиелермен жәнет.б. байланысты.

Ресейдегі инфляция Қазақстанда да тікелейкөрініс табады, өйткені біз азық-түліктіңкөп бөлігін Ресейденимпорттаймыз,осылайша ресейлікинфляцияны да қоса "сатып аламыз". 2024жылдың тек бірінші жартыжылдығында Қазақстан 2,2 млрддоллардан артық сомаға ресейлік өнімдердісатып алған.  


Рекомендовать
Последние новости