Ұлыбритания Парламентінің ғимаратында бірегей шахмат матчы өтті. Қазақстан құрамасы Лордтар палатасының мүшелері және Вестминстер қызметкерлерімен сайысқа түсті. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының (KazChess) баспасөз қызметі мәлім етті,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Бұл – шетел спортшылары қатысқан, осындай жоғары саяси деңгейде алғаш рет өткен шахмат ойыны.
Матч Ұлыбританиядағы Қазақстан Елшілігінің бастамасымен және Қазақстан шахмат федерациясының (KazChess) қолдауымен ұйымдастырылды. Қазақстан делегациясының құрамында елдің жетекші гроссмейстерлері болды:
- Қазыбек Нөгербек
- Әлішер Сүлейменов
- Ксения Балабаева
- Гүлмира Дәулетова
- Дармен Садуақасов
Қарсыластар та осал болмады: британдық команда мүшелері І разряд пен спорт шеберлігіне үміткер деңгейін көрсетті. Ұлыбритания құрамасы төмендегі шахматшылардан тұрды:
- Jamie Njoku-Goodwin – бұрынғы премьер-министр Риши Сунактың стратегиялық директоры
- Лорд Harold Carter
- Лорд Patrick Lawrence
- Лорд Dafyyd Wigley
- Chris Fegan – парламент қызметкері, британдық тараптың ең мықты ойыншысы, ол Әлішер Сүлейменовке қатаң қарсылық көрсетті.
Матч аяқталған соң Қазақстан делегациясы Вестминстер бойынша экскурсияға шақырылды. Шахматшылар еңбек нарығы мәселелеріне арналған жұмыс тобының отырысына қатысып, жасанды интеллекттің қарқынды дамуы аясында бүкіл әлемді толғандырып отырған тақырыппен танысты.
Парламентке сапар – Қазақстан делегациясының жалғыз мақсаты емес. Шахматшылар Лондонға рапид және блиц бойынша Командалық әлем чемпионатына (2025 FIDE World Rapid & Blitz Team Championships) қатысу үшін келді. Бұл турнир 10-16 маусым аралығында өтеді. KazChess командасы құрамында бес қазақстандық спортшы өнер көрсетеді, ал жалпы Қазақстан шахматшылары үш команданың – KazChess, Barys және Rookies – сапында қатысады.
KazChess құрамы:
- Алдияр Аңсат (2489)
- Меруерт Қамалиденова (2330)
- Елназ Қалиахмет (2218)
- Дармен Даурен (1932)
- Дармен Садуақасов (2587, рапид)
- Рихард Раппорт (2714, №27)
- Пархам Магсудлу (2691, №38)
- Андрей Есипенко (2689, №39)
- Александр Грищук (2667, №57)
Команда капитаны – KazChess атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова.
Чемпионат клубтық форматта өтуде. Олимпиадалар мен ұлттық біріншіліктерден айырмашылығы – мұнда командалар федерациялар мен серіктестер немесе тікелей демеушілер тарапынан жасақталады. Лондонда Үндістан, Өзбекстан, Германия, Ұлыбритания, Қазақстан және басқа елдердің командалары бақ сынайды.