Қазақстандық Камбоджада еңбек құлдығына түсе жаздаған

Сағыныш Сардарова 04 июл. 2025 10:18

Қазақстандық Камбоджада еңбек құлдығына түсе жаздаған,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстандық қыз Камбоджа корольдігіне қонақүй әкімшісі лауазымына жұмысқа орналасу мақсатында ұшып барған. Алайда шет елге жеткеннен кейін бұл ұсыныстың артында басқа нәрсе тұрғаны белгілі болды.

"Ол еңбек құлдығына түсе жаздаған. Бұл оқиғаға жедел ден қойған Қазақстан ІІМ Интерполы Камбоджадағы Интерполдың Ұлттық орталық бюросына және Интерпол Бас хатшылығының адам саудасына қарсы күрес тобына ресми сауал жолдады. Үйлесімді әрекет пен жедел байланыс нәтижесінде қыз дер кезінде құтқарылып, аман-есен елге қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.

Қазір қазақстандықты шетелде жұмысқа орналастырамыз деп алдап, заңсыз еңбек құлдығына тартуға әрекеттенген адамдар анықталып жатыр.

"Олар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады", - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Лаос еліне жұмысқа тұру мақсатымен барып, бірақ еркінен тыс ұсталған тағы бір қазақстандық қыз құтқарылып, елге қайтарылған. 

 


Рекомендовать
Последние новости