Қазақстандық жас ғалым үй салатын 3D принтер құрастыруға кірісті

Dalanews 20 авг. 2020 03:58 801

Dalanews.kz және «Шеврон» компаниясының бірлескен жобасы «Топжарғандар – Self Made» айдарының бүгінгі кейіпкері  – жас ғалым ғалымы Шыңғыс Дауылбаев.




Шыңғыс жақында Шанхайға барып келді. Ол үнемі ізденісте жүреді. Қытайдың ғылым мен технология шоғырланған орталығына сапар шеккен ол «олжалы» оралды.

Ол - 3D принтерлермен айналысады.

Иә қазіргі таңда 3D принтерлер көптеген салаға дендеп енуде. Дамыған елдерде тұтас бір үйді заматта салып шығатын 3D принтерлер пайда болғанын ақпарат құралдарынан естіп, оқып жүрміз.

Таяу болашақта Қазақстан да 3D принтерлердің көмегімен үй салатын болады.


Жану мәселелері ғылыми-зерттеу институтының жас ғалымы Шыңғыс Дауылбаев сөй деді бізге.

Жас ғалым үй салатын 3D принтер құрастыру үшін Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруына өзінің тың жобасын ұсынып, 220 млн. теңге ұтып алыпты.

Енді бір-екі жылдың көлемінде үй салатын алып 3D принтерді көріп қаламыз.

[caption id="attachment_21393" align="aligncenter" width="590"]0101-3 Жану мәселедері инстиуты дайындаған 3D принтер[/caption]

Қытайлардың құпиясы: бетон қалай 15 минутта қатады? 


– Қазіргі таңда 3D принтер технологиясы қарқынды даму үстінде. Іргеміздегі Қытайда үй салуға бағытталған 3D принтерлер пайда болғанын естіген шығарсыздар.

Оны өз көзіммен көру үшін Шанхайға барып, жұмысымен таныстым. Жалпы, ғылыми-технологиялық үрдіс дамыған қазіргі заманда 3D принтрлер көптеп жасалынуда.

Құрылыс саласында 3D принтер жасауда басты мәселе пайдаланылатын бетонды дайындау болып табылады.  Әдетте үй құрылысына қажетті 3D принтерге бетон пайдаланатыны белгілі. Алайда оған қарапайым бетон жарамайды. Егер 3D принтермен үй салуды мақсат тұтсаңыз, 10-15 минуттың ішінде қататын бетон қажет.

Қытайдың 3D принтерлерін тамашалағанда, оны құрастырушылар бетонның құрамы жайында сыр ашпады. Құпия күйінде ұстады. Осыдан кейін біздер бетонды зерттеп, оның жетілдіру барысында көп еңбектендік.

Ізденістің арқасында біздер полимер түткікшелерді ойлап тауып, оны бетонға қосып, 3D принтердің жұмыс істеуіне ыңғайлы бетон алдық, – дейді Шыңғыс Дауылбаев.

Қазақстанда жастар ғылыммен айналыспайды деген қасаң қағиданы бұзған Шыңғыстай жастар елімізде баршылық. Бірақ олар өзінің жарнамасын жасамай-ақ, өздерінің жұмыстарымен айналысуда.

[caption id="attachment_21394" align="aligncenter" width="648"]0101-1 Полимер түтікше алатын құрылғы[/caption]

Шыңғыстың 3D принтері несімен ерекше? 


Шыңғыс болашақ 3D принтердің аумағы 6-6 метрді құрайтынын айтты. Мұндай алып принтер елімізде бұрын-соңды болмағаны анық. Ол біздерге болашақ принтердің шағын үлгісін де көрсетті. Қажетті бағдарламалар орнатылған шағын 3D принтермен түрлі мүсіндер басып шығаруға болады екен.

Енді қазақстандық ғалымдар ойлап тапқан полимер түтікшелердің сырына тоқталсақ.

Өз кезегінде жас ғалымның ұстазы Ерхан Әлиев 2013 жылы полимерден түтікше алу жобасы жайында Лондонда өткен ғылыми конфренцияда таныстырып, баяндама жасағанда әлем ғалымдар, ғажайып ноу-хау, маңызды инновоциялық жоба деп жоғары бағалапты.

Әдетте үй салғанда құрылысшылар темір арматураларды қолданып іргетас пен қабырғаның беріктігін қамтамасыз етелетіні белгілі. Бұл баяғыдан келе жатқан технология. Арматураны көлденеңінен және тігінен салып, қабырғанын беріктігін қамтамасыз етуге болады.


Ал өте берік, адам шашынан 20 есе жіңішке полимер түтікшелерді бетонға араластырғанда ол айқыш-ұйқыш бағытта орналасып, іргетас пен үй қабырғасының беріктігін түрлі бағытта қамтамасыз ететін мүмкіндікке ие екен. Бұл өз кезегінде 3D принетрлермен үй салуға кеңінен жол ашып отыр.

Made in Kazakhstan?


Әңгіме барысында Шыңғыстан  өздері ойлап тапқан полимер түтікшенің өзгешелігін айтып беруін өтіндік:

– Біздің полимер түтікше таза қазақстандық өнім деп айтуға болады. Иә, осыған ұқсас полимер түтікшелерді өзге елдердің ғалымдары да ойлап тапқан. Бірақ олардың өнімдерінің бағасы өте қымбат.

Біз осыған дейін күніне 10 грамм ғана полимер түтікше алушы едік. Қазіргі таңда құрылғымызды жетілдіріп, күніне 1 келіге дейін полимер түтікше алатын деңгейге жетуге күш салудамыз.

Бір тонна бетонға 1 келі полимер түтікше қоссаңыз, бетоның беріктік қабілеті бірнеше есеге артып шыға келеді. Біздің полимер түтікшелеріміз баға тұрғысынан да бәсекеге қабілетті, – деп түсіндіріп берді.

Қазір әлем ғалымдары Шыңғыстың жұмысына аса қызығушылық тантуда.

Ол алдағы уақытта полимер түтікшені алу ісіне байланысты Малазияға барып, баяндама жасауға дайындалып жатқанын алға тартты.

Болашақта Шыңғыстың 3D принетрлер пайда болса, елімізде үй салу ісі айтарлықтай арзандап, талай жан аз уақытта баспаналы болатыны сөзсіз. Сондықтан тыңға түрен салып, күні-түні еңбектеніп жүрген жас ғалымға табыс тілейміз.

Әзірлеген, Нұрлан ЖҰМАХАН


 

 

Рекомендовать
Последние новости