Қазақстандық банктер рубльді көптеп сатып алып жатыр

Кәмшат Тілеухан 08 нояб. 2024 12:49 1658

Қазақстандық банктер биржадан тыс Ресейдің рублін сатып алуды күрт арттырған. Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, қазан айында жалпы сомасы 71,6 млрд рубль сатып алынған, бұл мәмілелерде көрсетілген орташа бағам бойынша шамамен 361,6 млрд теңге болады. Оның негізгі бөлігі - 67,9 миллиард рубль резидент емес банктердің жүргізген операцияларына тиесілі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Өткен аймен салыстырғанда сатып алынған рубльдің жалпы көлемі 3,6 есе өсті, ал қаңтар-қыркүйек айларында тіркелген орташа деңгейден алты есеге жуық айырма бар. Қазіргіден де көп көлем соңғы рет 2022 жылдың сәуірі мен желтоқсан айларында тіркелген, бірақ ол кездегі жағдай әлдеқайда түсінікті болатын. Қазақстандағы ресейлік банктердің еншілес компанияларын іліп кеткен санкция аясында мұндай операциялар "бас ұйымның қолдауынан түскен" ақшаларды да қамтып еді. Санкцияға дейінгі кезеңде, яғни 2021 жылы бұл сома бар-жоғы 2,5 млрд рубльді құраған", делінеді DATA HAB келтірген мәліметте.

Биржадан тыс нарықтарда тағы да қандай өзгеше жағдайлар байқалады?

Резидент емес банктер жүргізген юань саудасы бойынша операциялардағы цифр бас айналдыратындай болмаса да айтарлықтай жанданып жатқаны байқалады.  

"Бұл сома 32,9 млн юаньды (шамамен 2,3 млрд теңгені) құрады, ал жылдың алдыңғы тоғыз айында дәл осындай мәмілелер сомасы небәрі 6,3 млрд юаньға дейін жетіп, 2023 жылдың бүтін бойында барлығы 4,2 млрд юань болды. Айтқандай, биылғы жылы тағы юаньға қатысты аномальды жағдай шілде айында тіркелді: сатып алу көлемі, негізінен резиденттер арасындағы операциялар бойынша сол кезде 3,9 млрд юаньға жетіп, бір айда 30 есеге дерлік өсімді көрсетіп еді. Сарапшылар бұл белсенділік Мосбиржаға салынған санкциядан кейін біздің нарыққа ресейлік компаниялардың лап қоюымен байланысты болуы мүмкін деген болжамды айтқан еді", - дейді DATA HAB сарапшылары.

Айта кетсек, , 7 қарашада Қазақстанның жеті компаниясы батыстың санкциясына ұшырағаны белгілі болды. Ұлттық экономика министрі Украинаға басқыншылық жасаған Ресейдің әскери өнеркәсібіне қажет жеткізумен және шығарумен айналысады деп айыпталған бұл компанияларды "бір күндік" деп атады.


Рекомендовать
Последние новости