Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

Сағыныш Сардарова 04 февр. 2026 14:21

2026 жылы Қазақстанда 850-ден аса запастағы офицер әскери қызметке шақырылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңы аясында жүзеге асырылатын бұл шара Қарулы күштердің жауынгерлік дайындығын арттыруға және әскери резервті қалыптастыруға бағытталған.

Үкімет қаулысына сәйкес 700 запастағы офицер Қарулы күштерге, 80 офицер Шекара қызметіне, 64 офицер Ұлттық ұланға және 15 офицер Төтенше жағдайлар министрлігіне жіберіледі.

Авиация, инженер, артиллерия, радио-техника, әскери-тасымалдау, медицина, тыл, ақпарат және барлау бағыттары секілді ең қажет әскери мамандықтар бойынша шақырылады.

Денсаулығы жарамды, 29 жасқа дейінгі запастағы офицерлер шақырылады, ал медициналық мамандықтар бойынша бұл шек 32 жасқа дейін белгіленген.

Қызмет атқару кезінде олар ақшалай үлеспен, тұрғын үй немесе тұрғын үй төлемдерімен, тамақпен және медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove