Қазақстанда тіркелген көлік саны 6,3 миллионға жетті

Сағыныш Сардарова 16 июн. 2025 12:56

Қазақстанда тіркелген көлік саны 6,3 миллионға жетті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

2025 жылғы мамырда 128,1 мың көлік есепке қойылған. 

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, оның ішінде:

  • жеңіл көліктер - 113 мың;
  • жүк көліктері – 8 мың;
  • автобустар – 1,4 мың;
  • мототранспорт – 5,7 мың.

Былтырғы мамырмен салыстырғанда бензинмен жүретін көліктер саны 15,3%-ға, дизель отынымен жүретіндер 13,9%-ға, газбен жүретіндер 36,2%-ға, аралас отынмен жүретіндер 9,3%-ға артқан. Елдегі электромобильдер саны бір жылда 66,9%-ға артқан.

Айта кетейік, 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген көліктердің саны 6,3 миллионға жетіп отыр.


Рекомендовать
Последние новости