Қазақстанда танымал, бірақ қауіпті чат-бот бұғатталуы мүмкін

Сағыныш Сардарова 30 окт. 2025 13:20

Қазақстанда танымал, бірақ қауіпті чат-бот бұғатталуы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасы кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекет жасау дерегі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдаған.

"Тергеу нәтижесінде кәмелетке толмаған қыз баланың 2025 жылы сәуірде танысу сайтына тіркеліп, бір азаматпен танысып, кейіннен ол қыз балаға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, аудан прокуратурасы жас шектемейтін және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін Дайвинчик танысу атты Telegram арнаны анықтады.

Прокуратура бұл ресурстың жұмыс істеуін заңсыз деп тану және оның Қазақстан Республикасының аумағында қызметіне тыйым салу туралы сотқа талап-арыз енгізді.


Рекомендовать
Последние новости