Қазақстанда қайтадан маска тағу режимі: коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді

Көркем Алдабергенова 09 февр. 2024 13:03 2758

Қазақстанда маска тағу режимі енгізіліп жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында маска тағу режимі енгізіледі. 

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, аумақтық департаменттерінің басшылары:

  • "медициналық ұйымдарда персоналдың және келушілердің медициналық маскаларды пайдалануын, антисептиктердің болуын;
  • халық арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ профилактика шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етсін", - делінген құжатта.

Облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына, Орталық мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға:

  • "халық көп жиналатын жерлерде (әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО-ы, банктер және т.б.), көліктің барлық түрлерінде (қоғамдық көлік, әуе, темір жол көлігі) медициналық немесе матадан тігілген маскаларды пайдалануға ұсыным берілсін", - делінген құжатта.

Елде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәліліметінше, биыл қаңтарда (2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда) елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 2,5 есе өсіп, 477 дерек тіркелген. Былтыр желтоқсанда 187 жағдай болған.

Вирус жұқтырғандардың ең көп саны Алматы (143 жағдай) және Астана (74 жағдай) қалаларында.


Рекомендовать
Последние новости