Қазақстанда орташа жалақы мөлшері қандай?

Кәмшат Тілеухан 12 мая 2025 16:19 165

ҚР Ұлттық статистикалық бюросы 2025 жылдың І-тоқсанының қорытындысы бойынша еліміздегі жалақыға қатысты есеп-қисапты ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2025 жылғы I тоқсанда бағалау бойынша жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 300 307 теңгені құрады.

"Ал кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағандағы атаулы жалақының орташа мәні 2025 жылғы I тоқсанда 423 133 теңге болды, бұл былтырғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 10,7% артық", - дейді ұлттық бюро.

2024 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғар өсімі мына салаларда тіркелді:

  • ақпарат және байланыс – 31,3%,
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы – 17,3%,
  • өнер, ойын-сауық және демалыс – 16,1% салаларында байқалды. 

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 6,2%, білім беруде орташа айлық жалақы көлемі 6,1% өсті.

2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2025 жылдың I-тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсімі мына өңірлерде тіркелді:

  • Ұлытау облысында –19,4%, 
  • Қостанай облысында – 14,6%,
  • Алматы қаласында – 14,2%,
  • Павлодар облысы - 13,5%.

Бұған дейін сайтымызда "Өтірік статистиканы доғарыңыздар! Жастар жұмыссыз жүр - депутат Аралбайұлы" деген мақала жарияланған болатын.


Рекомендовать
Последние новости