Қазақстанда кәсіпкер әйелдер шоғыры артып келеді

Dalanews 17 февр. 2021 09:46 1384

«Шеврон» компаниясының қолдауымен іске асып жатқан Umay Boost жобасының авторы Мерей Мустафина бизнестегі гендерлік проблемалар туралы кеңінен әңгімелеп берді.

Қазақстанда қазіргі уақытта 1,5 миллионнан астам ШОБ субъектісі тіркелген. Олардың 45%-ға жуығы әйелдердің басқаруында. Әйелдер кәсіпкерлігі бүгін ел экономикасының даму драйвері десек болады. Айталық, Жаһандық әйелдер кәсіпкерлігі күнінің ОА және ТМД елдеріндегі өкілі, Umay Boost және Umay Rocket оқыту бағдарламаларының авторы Мерей Мустафинанының айтуынша, бизнестегі әйелдер гендерлік белгі бойынша бірқатар проблемалармен бетпе-бет келеді. Қалыптасқан жағдайларда «әйелдер» бизнесінің даму беталыстары туралы сарапшы Atameken Business арнасының «Сұхбат» бағдарламасының эфирінде әңгімелеп берді.

– 2020 жылғы деректерге сәйкес, елімізде тіркелген ШОБ субъектілерінің саны 1,6 млн-нан асады, олардың 677 мыңы әйелдер. Әдетте әйелдер бизнесінің басым бөлігі ЖК форматында қызмет атқарады (80%). 12%-дан астамы ЖШС және 7%-ға жуығы шаруа қожалықтары түрінде ұйымдастырылған. Осы көрсеткіштерді 2013 жылмен салыстырсақ, бизнестегі әйелдер санының өскенін байқаймыз. Егер 7 жыл бұрын әйелдердің үлесі жалпы кәсіпкерліктің 28%-ын құраса, бүгін ол 45%-ға жетіп отыр.

Бизнестің үштен екі бөлігіне дерлігі білім беру, тамақтандыруды ұйымдастыру, уақытша тұру және көтерме-бөлшек сауда салаларында шоғырланған. Әйелдер декреттік демалыс уақытында өздерінің күнделікті өмірдегі міндеттерін бизнеске айналдырып, ақша табады.

Әдетте олардың бизнестері бірінші кезекте жеке қажеттіліктерін жабады. Мәселен, өз баласы үшін лайықты бала бақшасын іздеп жүріп, әйел оның талаптарына сай мекеме таба алмайды, сөйтіп нәтижесінде өз балабақшасын ұйымдастыратыны белгілі. Мұндай беталыс тек Қазақстанда ғана емес, жалпы жаһандық деңгейде орын алған.

Заманауи бизнес-трендтерге назарға ала отырып, біз пандемия жағдайларында өмір жаңа шарттарға түрткі болғандығын көріп отырмыз, кәсіпкерлер онлайн форматқа белсене көшуде.  Бұл бүгінгі таңда әйелдер айналыса алатын салалар, – деп өз пікірмен бөлісті Мерей Мустафина.

Білікті маман өзін-өзі дамытудың перспективті салалары ретінде STEM-білім беру мен digital-маркетингті ұсынатынын да тілге тиек етті.

«Әйелдер» бизнесінің қиындығын әңгімелеген Мерей Мустафина бизнес процестерді қалыптастыруда сапалы білімдердің жетіспейтіндігін айтады. Көбінесе бизнес ретсіз, түйсікке жүгіну негізінде құрылады. «Әйел адам жұмыс алгоритмдерімен қатар, бір уақытта қажетті ақпаратты іздеуге, үйренуге және туындаған мәселелерді шешуге мәжбүр» дейді маман.

Келесі гендерлік проблема уақыттың жетіспеушілігі болып табылады, әдетте бұл біздің қоғамымыздың патриархалдық болмысымен байланысты болы келеді. Қазіргі өмірде әйел тек жұмыс істеп қана қоймай, бұрынғыша үйдегі тұрмыс пен бала тәрбиесін қатар ала жүріп, дәстүрлі міндеттерін орындауы тиіс.

Мерей ханым төрт баланың анасы ретінде бизнестегі әйелдің алдында маңызды таңдау тұратынын алға тартты. Қазіргі күні біз отбасылардағы ер адамдар әйелдерінің бизнес идеяларын қолдап, түсіністікпен қарайтын серіктестік қатынастарды жиі байқап жүрміз.

Әйелдерді басшы лауазымында және бизнес иесі ретінде қабылдауда да өзгерістер қалыптасып жатыр. Жуырда ғана гендерлік стереотиптер жиі көтеріліп отыратын, ал бүгін әйел өзін кәсіпқой ретінде танытып, өз құзыреттерін көрсете алады, әйелмен тең құқықта әрекеттеседі.

Бизнестің даму жолындағы тағы бір тосқауыл – қаржыландырудың немесе арзан қарыздық қаражаттардың болуы.

Иә, бізде Қазақстанда кәсіпкер әйелдерді қолдау бойынша бірқатар бағдарламалар бар, бірақ алатын ақшалардың құны әлі де өте жоғары. Бұдан бөлек, қаржылық сауаттылығы болмаған жағдайда, әйелдер алынған қаражаттарды дұрыс жарата алмайды.

Дегенмен, несие бойынша қайтарымдық рейтингі ерлерге қарағанда жоғары – 92%. Бірақ несие алу үшін әйел адам дұрыс ойланып, барлық тұстарды қарастыруы қажет, өйткені қаржылық сауаттылықты толық түсінуі, оның тиісті деңгейінде білімі болуы маңызды. Біздің заманымызда қаржылық сауаттылыққа мектеп жасында-ақ үйрету қажет. Өйткені, қаржылық ойланудың дамуы тек бизнесте ғана емес, өмірдің көптеген тұстарында қажет. Біз ер адам – асыраушы, ол материалдық ресурстарға жауап береді деген ұғыммен тәрбиленген заманның ұрпақтарымыз, сондықтан қазіргі заманның әйелдері осындай білім алуға талпынбаған.

Қазір жаңа технологиялар көзді ашып-жұмғанша дамып, серпінді дамып жатқан әлемде дамуға қажетті ақпаратты қалай алуға болады? Біздің сарапшымыз проблеманың шешімін коллаборациялардан – бір-біріне өзара көмек көрсету үшін бизнес-қауымдастыққа кіруден көреді. Бүгінгі таңда көптеген бизнестегі әйелдер тек бәсекелес қана емес, сондай-ақ серіктес, тәлімгер және әшейін достық қатынаста бола алады. Барлық практикалық білімдер адамдарға шоғырланған. Біз тиімсіз құралдарды шеттетіп, жаңа құралдарды пайдаланып көру арқылы, олармен алмаса аламыз. «Жалғыз қаздың үні шықпас» деген бар, және мұны пандемия растады.

Пелотондағы қозғалыс – ресурстарды үнемдеп, бизнесті дамытуға көмектесетін үздік құрал. Ілгерілемелі қоғамдастықтар ішінде біріге отырып қана ел экономикасын алға тартатын мықты компаниялар құруға болады. Сіздің жағдайыңызда болған, ұқсас қиындықтарға тап болған, сондай міндеттерді шешкен пікірлестерді іздеу қажет. Әр кәсіпкер өз тәжірибесі арқылы пайыдауымен бөлісе алады, сөйтіп бір-біріне пайдалы бола алады. Нақ осындай алмасу есебінен ғана ақпараттық баюға және кәсіпкерлерге алға жылжуға мүмкіндік беретін адамдарды біріктіруге болады.

Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігі жайлы айта отырып, Мерей Мустафина: «Мен ұйымдастыратын жобаларда біз тек кәсіпкер әйелдермен ғана емес, сонымен қатар 14-16 жас аралығындағы қыз балалармен де жұмыс істейміз. Қазіргі заманғы қыз балалар менің олардың жасында болған кезімнен анағұрлым ерекшеленеді. Олар өзін-өзі дамытуды көздейді, жеке тұлға ретінде өсуді және кәсіпкерлік дағдыларға ұмтылады. Қазірдің өзінде олар өмірде өз қабілеттерін қолдана алады. Сондықтан, жыл сайын бізде тиімді кәсіпкер әйелдердің көбейтендігі күтіледі деуге болады».

Әдетте «адамның күні адаммен» дейді, бұл жағдайда әйел әйелге қажет деп айтуға болады. Өйткені, тек әйел ғана әйелдің қиындықтары мен тұрмысын терең түсіне алады. Қоғамдастыққа біріге отырып, әйелдер бір-бірінің сәттілігіне ықпал көрсетіп, өздерінің дамуына және бизнестерін дамытуға мүмкіндік жасайды.

Махаббат СӘДУАҚАСОВА

 

 

Рекомендовать
Последние новости